16:41, 31 Наурыз 2020 | GMT +6
Күн жылынуына байланысты 6 облыста өзендердегі мұз еріп, су деңгейі көтеріледі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Күн жылынуына байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ауа температурасы жоғарылап, жауын-шашын жауады деп болжануына байланысты 1-4 сәуір аралығында Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында қар тез ери бастайды. Осыған байланысты өзен бетіндегі мұз еріп, су деңгейі көтерілуі мүмкін» делінген хабарламада.