Құрлықтық хоккей лигасы: «Барыс» Беларусьтың «Динамосымен» кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын Беларусьтің «Динамо» (Минск) командасымен өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесу елорда уақытымен 22:10-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 25 мәрте шеберлік байқасты.

Оның 12-і «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында беларусьтік клубтың мерейі үстем болды.

Екі команда арасындағы соңғы бес кездесудің үшеуінде қазақстандық клуб жеңіске жетті. Дегенмен кейінгі екі ойында аталған қарсыласына есе жіберіп қойды.

«Барыс» биылғы турнирдің соңғы алты кездесуінің төртеуінде жеңіске жетіп, қалғанында қарсыластарынан жеңілді.

Ал «Динамо» алты ойынның бесеуінде мерейі үстем болды.

Айта кетсек, қазақстандық клуб бұдан бұрын Ресейдің СКА (Санкт-Петербург) командасынан буллитте басым түсті.

Ал «Динамо» Ресейдің «Адмирал» (Владивосток) клубын сүріндірді.



Соңғы жаңалықтар