Құрлықтық хоккей лигасының қалған бөлігі өтпейтін болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының қалған бөлігі өткізілмейтін болды. Бұл шешім әлемді алаңдатып отырған COVID-19 дертінің өршуіне байланысты қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі лига сайтына сілтеме жасап.

Қазірге дейін плей-офф сатысының жартылай финал ойындары өткізілді. Ал жартылай финал кейінге шегерілген болатын.

Шешім ойыншылар, жанкүйерлер, клуб қызметкерлері және өзге де азаматтардың қаупсіздігі үшін қабылданған. Бұл шешімді қабылдау үшін тиісті мамандармен кеңес жүргізілді. Нәтижесінде мамандар тарапынан осындай ұйғарым жасалды.

Коронавирус дертінің жағдайына байланысты бірқатар клубтар жарысты жалғастырудан бас тартты. Олардың қатарында Финляндияның «Йокерит» және қазақстандық «Барыс» командалары бар.

Сондай-ақ, дерттің өршуінен кейбір шетелдік хоккейшілер Ресей аумағына келуден бас тартты.


Соңғы жаңалықтар