Күшті дауылдан елорда зардап шекті ме

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада кешегі қатты дауыл кезінде айтарлықтай төтенше жағдай орын алған жоқ. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдай департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомство мәліметінше, кеше сағат 19:17-де Сембинов көшесі бойындағы 10/4-үйдегі пәтердің бірінің әйнекті балконына құлау қаупі төнген. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдың көмегімен көлемі 60*120 см болатын балкон әйнегін шешіп алған.

«7 сәуір күні сағат 21:23-те Жолымбетов көшесі бойындағы 4-үйдің жанында ағаштың электр тарату желісіне құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жеткен мамандар ағашты аралап, электр желісінен түсіріп алды. Сол жерде «Ақмола электр желісін тарату компаниясының» арнайы бригадасы болды», - деп атап өтті департаменттен.


Соңғы жаңалықтар