Кувейтте ірі мұнай кен орнында өрт болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Кувейттегі Greater Burgan (Үлкен Бурган) мұнай кен орнында болған өрт салдарынан екі жұмысшы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат кувейттік KUNA агенттігіне сілтеме жасап.

Жұмысшылар күйіктермен ауруханаға жеткізілді, олардың өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 12:39-да өрт сөндірілді. Мұнай өндіру тоқтаған жоқ.

Өрттің шығу себебі белгісіз. Кен орны әкімшілігі оқыс оқиғаға байланысты тексеру жұмыстарын жүргізе бастады.


Соңғы жаңалықтар