КВИ жұқтырғандармен байланыста болғанын жасырған жағдай тіркелді – вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният Қазақстанда КВИ жұқтырғандармен байланыста болған азаматтардың саны 115 мыңға жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шымкент қаласындағы инфекциялық ауруханаларда жансақтау төсектері жеткіліксіз. Шымкент – халық тығыз қоныстанған қалалардың бірі. Онда Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан қарағанда ірі республикалық емханалар жоқ. Төсек қоры жеткілікті. БҚО-да инфекциясының сырттан әкелу жағдайы көп. Облыс басқа елдермен шекаралас. Көршілес облыстарға ішкі еңбек миграциясымен ерекшеленеді. Осыдан барып бұл облыстарда байланыста болған адамдарды анықтау жұмысын анықтау өте қиынға соғуда. Байланыста болған адамдардың елде саны көбеюде. Бүгінгі таңда олардың саны 115 мыңға жетті. Олар – әлеуетті науқас болып табылғандықтан, дәрігерлер КВИ бойынша тестілеу, динамикалық бақылау жұмыстарын жүргізуде», - деді Ажар Гиният ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өкінішке қарай халықтың арасында КВИ жұқтырғандармен байланыста болғанын әдейі жасыру жағдайы тіркеліп жатыр.


Соңғы жаңалықтар