KWU киокушинкайдан ӘЧ: Қазақстандық каратешілер үш алтын медаль иеленді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада «Жекпе-Жек» сарайында ерлер және әйелдер арасында KWU киокушинкайдан әлем чемпионатының финалы өтті. Әлем Чемпионаты 15 салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылды. Жалпы әлемнің 54 елінен 301 спортшы қатысты.

Чемпионаттың алтын медалін: ерлер арасында 85 кг дейінгі салмақта Владимир Артюшин, әйелдер арасында 50 кг дейінгі салмақта Устюгова Людмила, 70 кг дейінгі салмақта Алемгуль Сабырхан иеленді.

70 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Еркебұлан Бейсембаев, 60 кг дейінгі салмақта Екатерина Гурова күмістен алқа тақты.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясы, Kyokushin World Union Халықаралық ассоциациясы. Әлем чемпионаты Қазақстанда өтіп жатқандықтан ұлттық құрама екі құраммен өнер көрсетті.

Соңғы жаңалықтар