Қылмыстық топ жалған фирмалар шотынан 3,9 млрд теңге шешіп алған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда жалған фирмалар арқылы ақша жымқырумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. ҚазАқпарат тілшісі бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Қаржы миониторингі комитетінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық зерттеулер департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық топтың құрамында қаржы полициясының бұрынғы қызметкері, екінші деңгейлі банктің басқарушы қызметкерлерінің бірі болған. Олар 2017-2019 жылдар аралығында 7 жалған фирманың банк шоттары арқылы 3,9 млрд теңгені қолма-қол ақшаға айналдырған.

Қазір 6 күдікті сот процесін күтіп, қамауда отыр.

Сонымен қатар, олардың мүліктеріне тыйым салынды.

Атап өтілгендей, 2019 жылдың 22 тамызы - 31 желтоқсаны аралығында Экономикалық зерттеулер департаменті күмән тудыратын мәмілемен байланысты 41 істі сотқа жіберген.

Прокуратура арқылы экономикалық сотқа 820 арыз берілді. Бұл істер бойынша күмән тудыратын компаниялармен құны 123 млрд теңгеге мәмілелер жасалған.


Соңғы жаңалықтар