Қырғызстан 20 млн долларға қытайлық Sinopharm вакцинасын сатып алмақ

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстан Дүниежүзілік банктің қаражатына COVID-19-ға қарсы қытайлық вакцина сатып алмақ. Бұл туралы «Биринчи радио» эфирінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Алымкадыр Бейшеналиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз кеше Дүниежүзілік банкпен және донорлармен онлайн-конференция өткіздік. Оның нәтижесінде келісімге қол қойылды. Дүниежүзілік банк бізге коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алу үшін 20 млн доллар бөледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растаған препараттар ішінде вакцинаны өзіміз таңдаймыз. Онда «Sputnik V» ресейлік вакцинасы жоқ, алайда тізімде қытайлық «Синофарм» вакцинасы бар, біз соны сатып аламыз», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар