Қырғызстан Қарулы күштердің қауіпсіздігіне ерекше назар аудармақ

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Әлемнің әртүрлі аймақтарында болып жатқан қарулы қақтығыстардың салдарын болжау қиын. Бұл туралы кеше Қырғызстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шарада сол елдің Президенті Садыр Жапаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Тиімді Қарулы Күштерді құру – еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты міндеті»,-деді Қырғызстан басшысы.

С.Жапаровтың айтуынша, жақын арада Қауіпсіздік кеңесі елдің Қарулы күштерінің жаңа әскери доктринасының жобасын, атап айтқанда, олардың жауынгерлік әлеуетін арттыруды қарастырады. Өткен жылы әскери қызметкерлердің жалақысы көтерілді.

Сонымен бірге Қарулы Күштерде жұмыс істейтін азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыру бойынша жаңа ұсыныстар қарастырылуда.


Соңғы жаңалықтар