Қырғызстан президенті: Қазақ-қырғыз қатынастарын дамытуда Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі ерекше

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты шын жүректен туған күнімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке және көпқырлы мемлекеттік қызметте жаңа жетістіктер тіледі.

Садыр Жапаров қазіргі қазақ-қырғыз қатынастарын, сондай-ақ екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты дамытудағы Нұрсұлтан Назарбаев қызметінің ерекше маңыздылығын атап өтті.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Қырғыз елінің көшбасшысына ізгі тілектері үшін ризашылығын білдіріп, бауырлас екі ел арасындағы тарихи тығыз байланыстардың одан әрі кеңейіп, тереңдей түсетініне сенім білдірді.


Соңғы жаңалықтар