Қырғызстанда 39 медқызметкер коронавирус жұқтырған

None
None
БІШКЕК. КАБАР – ҚазАқпарат – Қырғызстанда 10 сәуір сағат 10:00-дегі жағдай бойынша COVID-19 коронавирус індетін жұқтырудың тағы 18 оқиғасы тіркелген. Бұл туралы брифинг кезінде денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мамедин Қаратаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабарға сілтеме жасап.

Осылайша, елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 298 адамға жеткен. Вирусты жаңа жұқтырып алғандар арасында бес адам – медициналық қызметкерлер, деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрінің орынбасары.

Оның айтуынша, қазіргі кезде елде COVID-19 диагнозы қойылған медициналық қызметкерлер саны 39-ға жеткен.

39 адам жазылып, ауруханадан шықты. Бес адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрі орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде стационарларда коронавирус диагнозымен 254 адам жатыр, соның ішінде сегіз адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Кабар.

Соңғы жаңалықтар