Қырғызстанда 556 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

None
None
КАБАР. ҚазАқпарат - Қырғызстанда соңғы тәулік ішінде 10 медицина қызметкерінен коронавирус анықталған, деп хабарлайды Кабар.

Бұл туралы бүгінгі брифинг кезінде Қырғызстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің орынбасары Нұрболот Үсенбаев айтты.

Соның ішінде Шу облысында – 4 адам, Ош қаласында – 2 адам, Ош облысында – 1 адам, Бәткен облысында – 1 адам және Ыстық көл облысында 2 адам індет жұқтырған.

Бір тәулікте стационардан 5 медицина қызметкері жазылып шыққан.

Жалпы, Қырғызстанда 556 медицина қызметкерінен COVID-19 анықталған, соның ішінде стационардан 387 адам жазылып шықты.


Соңғы жаңалықтар