Қырғызстанда алғаш коронавирус анықталған науқас қайтыс болды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – COVID-19 коронавирус инфекциясы расталған алғашқы науқас қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

«2 сәуір күні Ош облысының Ноқат аумақтық ауруханасында 61 жастағы пациенттің биологиялық өлімі тіркелді. Науқас шетелден келіп, стационарлық оқшаулауда болған, кейін ем қабылдаған. ПЦР сынамасы жүргізіліп, COVID-19 инфекциясы расталған», - делінген COVID-19 вирусымен күрес жөніндегі республикалық штаб хабарламасында.

Хабарламада атап өткендей, пациентте қосалқы аурулар болған.

Қырғызстанда 3 сәуірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 9 жаңа жағдай тіркелді. Осылайша, елде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 125 адамға жетті. 5 науқас ауруханадан сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар