Қырғызстанда COVID-19-ға қарсы 7 мыңдай адам вакциналанды

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Соңғы тәулікте Қырғыз Республикасында 1 534 адам екпе алды. Вакциналанғандардың жалпы саны – 6 814 адам. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау миистрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша ел аймақтарында вакцина алғандар саны:

- Бішкек қаласында – 751 (оның 123-і соңғы тәулікте)

- Ош қаласында – 661 (оның 159-ы соңғы тәулікте)

- Шу облысында – 649 (оның 135-і соңғы тәулікте)

- Ош облысында – 2 481 (оның 337-сі соңғы тәулікте)

- Ыстықкөл облысында – 144;

- Талас облысында – 484 (оның 18-і соңғы тәулікте)

- Нарын облысында – 508 (оның 52-сі соңғы тәулікте)

- Жалалабат облысында – 1059 (оның 495-і соңғы тәулікте)

- Баткен облысында – 183 (оның 71-і соңғы тәулікте)

Еске сала кетейік, 19 наурызда республикалық иммунопрофилактикалық орталығы арқылы қытайлық Beijing Institute of Biological Product Co.Ltd өндірушісінің «Синофарм» активтелген 150 мың доза вакцинасы алынды.

Вакцинация екі компонентпен 25-28 күн аралығында жүргізіледі. Осы вакцинамен иммундаудан кейін жанама әсерлер тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар