Қырғызстанда коронавирустың тарау қарқыны бәсеңси бастады

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанда өткен аптала корнавирус инфекциясының тарау деңгейі төмендей бастады. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ұлұқ-Бек Бектұрғанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қырғызстанның КАБАР агенттігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, одан бір апта бұрын күн сайын вирусты 1100-1200 адам жұқтырса, өткен аптада 970-990 адам жұқтырды.

«Ауру деңгейінің төмендеуі тамыз айының ортасы немесе соңына дейін жақсы қарқынмен жалғасады деп үміттенеміз. Бұл ретте вакцинация басты рөл атқарады деп санаймыз. Қазір вакцинация белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Адамдарды екпе алуға және вакцина туралы жалған ақпаратқа сенбеуге шақырамыз. Егер адамдардың барлығы барып вакцина аланатын болса, COVID-19-дың келесі 4-5 толқынын оңай еңсереміз. Біз қазан айына дейін халықтың 70%-ын вакциналауды жоспарлап отырмыз», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар