Қырғызстанда Парламенттік қайта сайлау 20 желтоқсанда өтеді

None
None
БІШКЕК. ҚазАқпарат – Қырғызстанның Жогорку Кенешіне қайта сайлау 2020 жылы 20 желтоқсан күні өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасайды.

Бұл шешім Қырғыз елінің Орталық сайлау комитеті мүшелерінің отырысында қабылдады.

Еске салсақ, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік етті. Дауыс берудің алдын ала мәліметі бойыншы, 7% межені 4 партия еңсерді.

Ал, 5 қазан күні сайлау нәтижесіне көңілі толмаған бір топ адам орталық алаңда митинг ұйымдастырып, одан кейін Ақ үйге беттеді. Оларды тарқату үшін милиция көз жасаурататын газ, суатқыш және газ-шуылды құрылғылар қолданған. Бішкек уақытымен сағат 22.00-дегі мәлім бойынша, ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілген. Кейінгі мәлімет бойынша, зардап шеккен адамдар саны 911-ге жетті.

Елдің Ішкі істер министрлігі митингті ұйымдастырушылар мен партия басшыларын өз жақтастарын үйлеріне қайтаруға шақырды.


Соңғы жаңалықтар