Қырғызстандағы Жогорку кенеш сайлауына қатысуға 13 партия өтініш берді

None
None
БІШКЕК. КАБАР-ҚазАқпарат – Қырғызстанның саяси партиялары биыл 28 қарашада өтетін Жогорку кенеш депутаттарын сайлауға ниеті туралы өтінімдер әлі түсіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің хабарлауынша, ҚР Жогорку кенеш депутаттарын сайлауына қатысу туралы өтініш 13 партиядан келіп түскен. Олардың арасында «Социал-демократтар», «Ишеним» «Қырғызстан бірлігі саяси партиясы», «Альянс», «Қырғызстанның жасылдар партиясы» сынды партиялар бар.

Сайлауға қатысуға өтініштер 3 қыркүйекке дейін қабылданбақ.


Соңғы жаңалықтар