+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Қырғызстанмен және Ресеймен шекарада сауда-экономикалық орталықтар құрылады

2021 жылғы 10 маусым 17:02
Бөлісіңіз:
Қырғызстанмен және Ресеймен шекарада сауда-экономикалық орталықтар құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қырғызстанмен және Ресеймен шекарада сауда-экономикалық орталықтар құрылады. Бұл туралы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 33-ші жалпы отырысында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аида Балаева волонтерлердің Қазақстан экономикасына қосқан үлесін атады 2020 жылы 916 млрд теңге сомаға 201 жоба іске асырылды Киев қызығушылық танытса, қазақстандық вакцинаны Украинаға жеткізуге дайынбыз – Бақыт Сұлтанов

«Басымдыққа ие экспорттық өнімдерді жеткізудің оңтайлы нұсқаларын жолға қою мақсатында біз Еуразиялық тауар өткізу жүйелерін және трансшекаралық хабтар құру жұмысын бастадық. Заманауи трансшекаралық сауда-логистикалық инфрақұрылымды дамытуда негізгі «өсім нүктесі» Қытаймен шекарадағы Қорғас торабы және Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы болмақ. Дәл осынай орталықтар Қырғызстанмен және Ресеймен шекарада құрылады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Қазақстан аумағы арқылы өтетін халықаралық дәліздерде Шығыс-Батыс және Оңтүстік-Солтүстік белдеуінде тауларлар, жүктер мен қызметтердің үйлесімі қамтамасыз етіледі.

«Бұл ретте Еуразиялық даму банкі көрсетіп отырған Орталық Азия өңіріндегі сауда-логистикалық әлеуетті дамыту жөніндегі эксперттік-сарапшылық қолдауы аса құнды саналады», - деді Бақыт Сұлтанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT