+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

2020 жылғы 29 қазан 14:54
Бөлісіңіз:
Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевпен келіссөздері өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Поэзиядан экономикаға: Румыния Қазақстанмен ынтымақтастықты нығайтуға дайын

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қырғызстан ынтымақтастығы мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұрын аса жоғары және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарға бейілділік расталды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынастар туралы шарттар рухында екі елдің стратегиялық әріптестігі мен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Келіссөздер барысында М. Тілеуберді Қырғызстандағы қазақстандық кәсіпорындарға жасалған шабуыл фактілеріне жоғары алаңдаушылық білдіріп, қырғыз тарапын құқықтық тәртіпті және ҚР азаматтары мен компанияларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға шақырды.

Министрлер халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды талқылады. Орталық Азия аймағында өңірлік кооперацияны дамытуда оң динамиканы сақтауға ерекше назар аударылды.

СІМ басшылары COVID-19 жаһандық пандемиясына қарсы бірлесіп іс-қимыл жасау мәселелерінде өзара әрекеттестік жөніндегі жұмысты жалғастыруға келісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT