Қыркүйек айында баспана бағасы тағы қымбаттады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен айда тұрғын үй бағасы тағы артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021 жылғы қыркүйекте оның алдыңғы тамыз айымен салыстырғанда:

- абаттандырылған тұрғын үйлерді алып-сату – 1%;

- жаңа тұрғын үйлерді сату – 0,7%;

- абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу бағасы 2,5% қымбаттады.

Статистикалық ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың желтоқсаны – 2021 жылдың қыркүйегі аралығында жаңа баспана бағасы – 11,7%, абаттандырылған үйлер – 18,2%, пәтерді жалға алу 14,1% өсті.

Бұған дейін Ұлттық статистика бюросы өткен қыркүйек айында елімізде баспананы сату-сатып алуға қатысты 50 364 келісім жасалғанын хабарлаған болатын. Бұл, оның алдыңғы тамыз айына қарағанда 8,4% көп.

Жалпы, 2021 жылғы қаңтар-қыркүйекте тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 97,4% артқан.


Соңғы жаңалықтар