Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Алматыда мәдениет және ғылым қайраткерлерімен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекеттік хатшы Satpayev University жоғары оқу орнында әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми жұмыстармен, сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлесіп атқарылып жатқан жобалармен танысты.

Қырымбек Көшербаев әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да келесі жылы аталып өтетін Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойына дайындық шараларын пысықтады.

Мемлекеттік хатшы, Алматы қаласының әкімі, Мәдениет және спорт министрілігінің басшылығы «Қазақфильм» АҚ-да аталған мекемені дамыту мәселелерін талқылады.

Осы күні Қырымбек Көшербаев Қазақ тағамтану академиясының ұжымымен кездесіп, әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған жобамен танысты.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев бірқатар мәдениет және ғылым қайраткерлері мен сарапшыларды қабылдады.

Соңғы жаңалықтар