+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Қырымбек Көшербаев Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты

2021 жылғы 19 ақпан 17:23
Бөлісіңіз:
Қырымбек Көшербаев Жамбылдың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының Алматы облысында жүзеге асырылуы және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық барысымен танысты.

Сапар барысында Мемлекеттік хатшы Қарасай және Жамбыл аудандарындағы бірқатар әлеуметтік-мәдени нысандарды аралады.

Атап айтсақ, Қырымбек Көшербаев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының «Атамекен» тарихи-мәдени орталығындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіздік алуындағы және қалыптасуындағы тарихи рөлін айшықтайтын музейлік экспозициялармен танысты.

Сондай-ақ, Мемлекеттік хатшы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша «Туған жер» жобасының аясында бой көтерген «Үшқоңыр» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде болды.

Сонымен қатар Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барып, Жамбыл мен оның өнердегі пірі Сүйінбай Аронұлының, композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің зираттарына гүл шоқтарын қойды, мәдениет саласының өкілдерімен кездесті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулетов ұлы жыраудың 175 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар жоспарын таныстырды.

Мерейтойлық іс-шаралар жоспарында Жамбыл туралы өмірбаяндық фильмнің түсірілімі, ақын туралы кітаптар шығару, ақындар айтысын ұйымдастыру, мәдени ескерткіштер орнату, суретшілердің халықаралық плэнерін өткізу және т.б. шаралар қарастырылған.

Көрнекті тұлғалардың асыл мұраларын насихаттау рухани жаңғыруға, әсіресе, жастардың рухани өсуіне зор ықпал ететіні айрықша атап өтілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT