Қысқы Паралимпиада: 11 наурызда үш қазақстандық спортшы сайысқа түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 11 наурызда қазақстандық 3 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл күні ел құрамасынан Сергей Усольцев, Ербол Хамитов пен Александр Герлиц жарыс жолына шығады.

Қазақстандық спортшылардың ойын кестесі төмендегіше:

08:00. Парабиатлон. 12,5 шақырым. отырып сырғанау. Сергей Усольцев пен Ербол Хамитов

10:00. Тұрып сырғанау. 12,5 шақырым. Александр Герлиц.

Тікелей көрсетілім сол уақыттарда «Qazsport» телеарнасынан жүргізіледі.

Еске салсақ, айтулы аламанда еліміздің атынан Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Денис Петренко, Юрий Березин және Сергей Усольцев пара шаңғы және пара биатлон спорт түрлерінен ел намысын қорғайды.

Олардың арасынан пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды.

Қысқы Паралимпиада ойындарында қазірге дейін ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті.

1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнердегі шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса, 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.

Қысқы Паралимпиада ойындары 13 наурызға дейін жалғасады.



Соңғы жаңалықтар