Қысқы Паралимпиада: 12 наурызда бес қазақстандық спортшы сайысқа түседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжің қаласында өтіп жатқан 2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында 12 наурызда қазақстандық 5 спортшы ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 наурызда Паралимпиада ойындарында жарыс жолына пара шаңғыдан 10 шақырымдық бәсекеге Александр Герлиц шығады.

Ал елорда уақытымен сағат 12:00-де 7,5 шақырымға отырып сырғанау жарысында ел намысын: Ербол Xамитов, Сергей Усольцев, Денис Петренко және Юрий Березин жарысқа түседі.

Аталған сайыстар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Биылғы қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан түрегеп сырғанауда Александр Герлиц қола жүлдегер атанды.

Айта кетсек, бұған дейінгі Қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына 1 алтын, 1 күміс медаль түсті.

1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнердегі шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алса, 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.

Қысқы Паралимпиада ойындары 13 наурызға дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар