Қытай «Бір белдеу – бір жол» бастамасының әріптес елдеріне жаңа мүмкіндік ұсынады - ҚХР СІМ басшысы

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай «Бір белдеу – бір жол» («ББ-БЖ») бастамасы аясында әріптес елдерге жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл туралы жексенбіде Бейжіңде ҚХР сыртқы істер министрі Ван И Жалпықытайлық халық өкілдері жиналысының 13 шақыруының 4-сессиясында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі оқиға орнынан.

ҚХР СІМ басшысының айтуынша, Қытай «ББ-БЖ» аясындағы халықаралық ынтымақтастықты әрі қарай дамытуды және «белдеу мен жолдың» әріптес елдері үшін жаңа мүмкіндіктерді ашуды» көздеп отыр.

«ББ-ЖЖ» құрылысын сапалы жүргізу мақсатында біз барлық тараптармен жұмыс жасауға дайынбыз», - деп мәлім етті министр.

Ван И Қытайдың әріптес елдермен бірге «Сандық Жібек жолы», «Салауатты Жібек жолы» және «Жасыл Жібек жолы» саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті екендігін білдірді.

14 бесжылдықтың (2021-2025 жж.) негізгі міндеттерінің бірі – ашық типті экономиканың жаңа жүйесін құру, «ББ-БЖ» бастамасының жүзеге асырылуы аясындағы жоғары сапалы дамуға ықпалдасу.

Келесі бесжылдықта «ББ-БЖ» аясында Қытай билігі «Сандық Жібек жолы», «Салауатты Жібек жолы» және «Жасыл Жібек жолы» құрылыстарын жүзеге асыруға, ҚХР дамыту бағдарламаларын жетекші елдер мен өңірлердің ұқсас бағдарламаларымен түйіндестіруге және өндірістік қуат саласындағы серіктестікті нығайтуға ниет білдіріп отыр.

Сонымен қатар Қытай билігі «ББ-БЖ» аясында электронды коммерцияның дамуындағы әріптестікті кеңейтуді, «қытай-еуропалық экспресс» дамуында темір жолдар мен өткізу пунктерінің өткізу мүмкіндіктерін арттыруды және шетелдік қоймалар мен бөлу орталықтарының құрылысына күш жұмсауды мақсат етеді.

Авторы: Руслан Сүлейменов



Соңғы жаңалықтар