Қытай бірқатар шет мемлекеттен келетін жолаушылардың елге кіру талаптарын күшейтті

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қытайға бара жатқан жолаушылар ұшаққа отырар кезде коронавирустың нуклеин қышқылын анықтауға арналған тестке қосымша антиденелерге теріс тест ұсынуы тиіс, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚХР-ның АҚШ-тағы және Еуропаның бірқатар елдеріндегі елшіліктерінің хабарламаларына сілтеме жасап.

Бұл ережелер 6-10 қараша аралығында күшіне енеді. ҚХР-дың АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Польша және басқа да бірқатар Еуропа елдеріндегі елшіліктері Қытайға ұшатын жолаушылар ұшар алдында коронавирусқа нуклеин қышқылын анықтауға арналған тестке қосымша теріс антиденелер сынағын ұсынуы керек деген мәлімдемелер жариялады.

Қытай азаматтары мен ҚХР-ға баратын шетелдіктер ұшудан 48 сағат бұрын антиденелерге сынақ тапсыруы керек. Тестілеу ҚХР-дың шетелдегі елшіліктері бекіткен мекемелерде өткізілуі тиіс. Қытайға ұшатын рейстермен баратын жолаушылар транзиттік елдерде антиденелерді қайта тексеріп, коронавирустың нуклеин қышқылын анықтауға міндетті.


Авторы Руслан Сүлейменов

Соңғы жаңалықтар