Қытай биыл 22 рет ғарышқа спутник ұшырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайлық Цзюцюань ғарыш айлағынан Gaofen-12 қашықтан зондтау спутнигі ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CASC (China Aerospace Science and Technology Corporation) Қытайдың мемлекеттік зымыран-ғарыш корпорациясына сілтеме жасай отырып.

«Бортта ЖҚЗ (Жердң өашықтан зондтау) спутнигі бар Long March 4С зымыран-тасығышы 27 маусымда сағат 15.46-да UTC (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 21.46) ұшырылды. Бұл Қытайдың 2022 жылғы 22-орбиталық ұшырылымы болды», - деп атап өтілген хабарламада. Миссияның сәтті орындалғаны расталды, спутник орбитаға шығарылды. Қытайлық Gaofen ЖҚЗ жерсеріктері тобының алғашқысы 2013 жылдың сәуірінде ұшырылған болатын. Содан бері әртүрлі зымырандарда тағы 20-дан астам жерсерік ұшырылды. Олар мөлшері, орбитасы және нақты пайдалану жағдайы бойынша ерекшеленеді.


Соңғы жаңалықтар