Қытай денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық механизмін жасауды ұсынды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытай ПЦР-талдау мен жалпы мойындалған QR-кодты қолдану стандартына негізделген денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық механизмін құруды ұсынды.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин бейнеконференция форматында өтіп жатқан Жиырмалық тобының (G20) саммитінде осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қытай тарапы денсаулық кодын өзара мойындаудың халықаралық тетігін жасауды ұсынды. Бұл механизм ПЦР-талдау мен жалпы мойындалған QR-кодты қолдану стандартына негізделеді»,-деді Си Цзиньпин.

Бұл ретте ҚХР төрағасы аталған мехнизмге мүмкіндігінше әлемнің көптеген өңірлері мен елдері қосылатынына сенім білдірді.

«Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны зерттеу мен дайындау, өндіру мен тарату бағытында өзге мемлекеттермен ынтымақтасуға дайын»,-деді ол.

Айта кетейік, қазан айында Қытай Вакцинация мен иммунизация жөніндегі жаһандық альянспен (GAVI) келісім жасап, COVID-19 вакцинасының жалпыға теңдей таратылуын қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық COVAX бастамасына қосылды.


Соңғы жаңалықтар