Қытай СІМ: Қазақстанды Парламент сайлауының сәтті өтуімен құттықтаймыз

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қазақстанда 10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палатасы депутаттарының сайлауы сәтті өтті.

Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстанды құттықтайды және әдеттегідей екіжақты қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Дүйсенбі күні ҚХР СІМ өкілі Чжао Лицзян осындай мәлімдеме жасады.

«10 қаңтар күні Парламенттің төменгі палата депутаттарының сайлауы сәтті өтті. Қытай Қазақстанды құттықтайды»,-деді ҚХР СІМ-нің өкілі.

«Қазақстан ұлттық даму мен құрылыс саласында биік межелерді бағындыратынына сенімдіміз»,-деп қосты дипломат.

Чжао Лицзянның сөзінше, Қазақстан мен Қытай тату көрші, түрлі салалар бойынша стратегиялық әріптес.

«Қытай Қазақстанмен бірлесіп, екіжақты қарым-қатынастарды үздіксіз дамыту ісіне үлес қосуға дайын»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар