+7 (701) 759 90 19
USD 432.01 EUR 518.67
RUB 5.61 CNY 66.48
Jańalyqtar

Қытай «Тяньвэнь-1» зондын Марстың тұрақ орбитасына сәтті шығарды

2021 жылғы 24 ақпан 09:23
Бөлісіңіз:
Қытай «Тяньвэнь-1» зондын Марстың тұрақ орбитасына сәтті шығарды

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың «Тяньвэнь-1» зонды Марстың тұрақ орбитасына сәтті шығарылды. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Мемлекеттік ғарыш басқармасының мәліметінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
NASА тарихта тұңғыш рет Марстан оттегі алынғанын хабарлады Индонезияда 53 адам мінген сүңгуір қайық жоғалып кетті Әлемдегі ең үлкен айсберг еріді

«24 ақпанда сағат 06:29-да қытайлық «Тяньвэнь-1» орбиталық маневр жасағаннан кейін Марстың тұрақ орбитасына сәтті шықты», - делінген мәлімдемеде.

Зонд құрамы орбиталық аппарат, қону модулі және марсоходтан тұрады. Ровері бар қону модулі Марсқа биылғы жылдың мамыр немесе маусым айларында қонуы керек.

Еске сала кетейік, «Тяньвэнь-1» зонды 2020 жылғы 23 шілдеде «Вэньчан» ғарыш айлағынан «Чанчжэн-5» зымыран-тасығышының көмегімен ғарышқа ұшырылды.

Бұған дейін ҚХР ғарыштық басқару мемлекеттік комитетінде мәлімдегендей, миссияның ғылыми мақсаттарының бірі – Марс бетінің морфологиясы мен геологиялық сипаттамаларын, атмосфералық ионосфераны және қоршаған ортаның табиғатын, физикалық өрістер және планетаның ішкі құрылымын зерттеу.

Еске сала кетсек, 19 ақпан күні Американың Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармасы (NASA) Марсқа Perseverance (Персеверанс) роверін қондырды. Ровердің Қызыл ғаламшардағы басты міндеті –тіршілік белгісін іздеу.

Кейіннен NASA марсоходтың Қызыл ғаламшар бетіне қонған әсерлі видеосын жариялады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT