Қытай ұшақ таситын үшінші ірі әскери кемені құрастырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, 17 маусымда Қытай әскери-теңіз күштерінің үшінші ұшақ тасығышының құрылысы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қытай орталық әскери кеңесінің бұйрығына сәйкес, жаңадан жасалған үлкен әскери кеме «Халық азаттық армиясы теңіз флотының Фуцзян кемесі» деп аталып, әскери кемеге «18» деген нөмір берілді.

Кеменің жалпы салмағы 80 мың тоннаны құрайды, ал оның нақты қанша ұшақ тасымалдайтыны әлі белгісіз.

Әскери кеме 2024 жылы ресми түрде пайдалануға берілуі мүмкін.

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл әскери кемені Қытайдың өзі жобалап, жасаған.

Айта кететін жайт, Қытай 2005 жылы Украинадан Варяг кемесін сатып алып, оны жөндеп, «Ляонин» деп аталатын тұңғыш ұшақ тасығыш кемесін жасап шығарған болатын. Кеме 2012 жылы пайдалануға берілген. Бұл ұшақ тасығыш кемесі 24 жойғыш ұшақты тасымалдай алады.

Қытай өзінің екінші ұшақ тасығыш кемесінің құрылысын 2017 жылы аяқтады, ал кейінірек «Шандуң» деп аталатын ұшақ тасығыш кемесі (№ 17) 2019 жылы пайдалануға берілген. «Ляонин» кемесімен салыстырғанда, «Шандуң» кемесі тасымалдай алатын жойғыш ұшақтың саны 36-ға дейін ұлғайды.

South China Morning Post газетінің хабарлауынша, Қытай бірінші кезеңде төрт ұшақ тасығыш кемесін жасауды жоспарлап отыр. Қытай келесі кезеңде атомдық ұшақ тасығышын салуы мүмкін деген болжам бар.


Соңғы жаңалықтар