Қытайда 5,9 балдық жер сілкінісі болды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Жерасты дүмпулер Тайвань аралының барлық жерінде сезілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қытай сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап.

Сейсмологтар Тайвань аралының шығыс жағалауында 5,9 балдық жер сілкінісін дүйсенбі күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9:05-те тіркеді.

Жерасты дүмпулер ошағы Тайвань аралының шығысында орналасқан Хуалянь уезінде орналасқан. Оның тереңдігі - 10 км. Қытайлық БАҚ-тың жазуынша, жер сілкінісі бүкіл Тайвань аралында, сондай-ақ Тайвань бұғазының басқа жағалауындағы Фуцзянь және Чжэцзян провинцияларында сезілді.

Зардап шеккендер туралы ақпарат келіп түскен жоқ.


Соңғы жаңалықтар