+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Қытайда Боаос азиялық форумы ашылды

2021 жылғы 18 сәуір 15:31
Бөлісіңіз:
Қытайда Боаос азиялық форумы ашылды

БОАО. ҚазАқпарат – Қытайдың оңтүстігінде Хайнань провинциясындағы Боаода жексенбі күні Боаос азиялық форумының мерейтойлық жиыны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қытайдың тұтыну тауарларының ЭКСПО көрмесінде мыңнан астам бренд ұсынылады

Биылғы шара «Трансформациядағы әлем: «Бір белдеу – бір жол» бастамасы бойынша жаһандық басқару және ынтымақтастық үшін күш-жігерімізді біріктіреміз» деген ұранмен өтуде.

«Біздің болжамымыз бойынша, 2021 жылы Азияның ЖІӨ - нің өсу қарқыны жеделдеп, 6,5%-дан асады», - деді жексенбіде жиынды ашқан баспасөз мәслихатында Боао азиялық форумының бас хатшысы Ли Баодун.

Оның айтуынша, «Бір белдеу – бір жол» бастамасы, АСЕАН елдерінің 2025 жылға дейінгі даму бағдарламаларын, Еуразиялық экономикалық одақ пен басқа да өңірлік және жаһандық бастамалар өңірлік экономика мен сауда-экономикалық ынтымақтастықты пандемиядан кейін қалпына келтіру үшін ұштастыруға ықпал етеді.

Дөңгелек үстелдер мен пікірталастар «Қытайды түсіну», «Жаһандық өзгерістерге ілесу», «Белдеу мен жолдың өзара іс-қимылы», «Индустриялық қайта құру жағдайларында», «Баршаға арналған жаңа технологиялар» және «Өзара тиімді даму» атты алты негізгі тақырыпқа арналған. Жиынның негізгі бөлігі дәстүрлі форматта өтеді. Пандемияға байланысты көптеген спикер «онлайн» форматта сөз сөйлейді.

БАФ ұйымдастырушылары жиынның дәстүрлі форматына 60-тан астам елден 2,6 мыңнан астам делегат қатысатынын хабарлады.

18-21 сәуір аралығында өтетін бұл шараға әлемнің әр түкпірінен келген саясаткерлер мен үкімет мүшелері, халықаралық ұйымдардың басшылары, беделді ғалымдар мен саясаттанушылар, сондай-ақ ірі халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысады.

Қазіргі БАФ отырысына қатысушылар арасында Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бас хатшысы Анхель Гурриа және басқалары бар.

Делегаттар тізіміне сәйкес БАФ жұмысына Apple бас директоры Тим Кук пен Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск, Intel бас директоры Патрик Гелсингер және басқалары қосылады.

Қазақстан биыл форумға онлайн режимінде қатысады. БАФ-та ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің төрағасы - «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов сөз сөйлейді деп күтілуде.

Еске сала кетейік, 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты жыл сайынғы БАФ жиналысы тоқтатылған болатын. БАФ тарихында жыл сайынғы шара тек 2003 жылы, ҚХР-да атипиялық пневмония тіркелген кезде ғана тоқтатылған еді. Ол кезде жиналыс қарашаға ауыстырылды.

2001 жылы құрылған Боао азиялық форумы – Қазақстанды қоса алғанда, 29 мүше мемлекет бастамашылық еткен үкіметтік емес халықаралық ұйым. БАФ мақсаты-Азиядағы өңірлік экономикалық интеграцияны қолдау.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT