+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қытайда киножұлдызға айналған Риза Әлімжанқызы - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

2021 жылғы 21 ақпан 12:00
Бөлісіңіз:
Қытайда киножұлдызға айналған Риза Әлімжанқызы - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі шетелдегі қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

Қытайда кино жұлдызына айналған Риза Әлімжанқызы - CNR

Қытайдың kazakcnr.com сайтында сол елде өнер өрінде миллиондаған бәсекелестерінің алдын орап, талантымен талайды таңдай қақтырып жүрген қандасымыз, белгілі актриса Риза Әлімжанқызы туралы мақала жарық көрді.

Аталған мақаладағы деректерге сүйенсек, Қытайда өнерімен көрермен көзайымына айналған Риза Әлімжанқызы кино саласында Reyizha Alimjan немесе Rayza деген есімімен танымал болған.


Ол 1986 жылы 15 шілдеде Бейжің қаласында дүниеге келген. Әкесі Әлімжан Нұрғазыұлы мен анасы Зайымхан Бейжің қаласындағы орталық ұлттар баспасының қазақ редакциясында жұмыс істейді.

Олар 1970 жылдары Шыңжаннан Бейжіңге студент болып барып, жұмыс істеп, қоныстанып қалған екен.

«Риза Бейжіңде алғаш мектепке барғанда сыныптастары түр-сипаты өздерінен өзгеше, ерекше балаға жатырқап қарап, Шыңжан өлкесінен келгенін біліп, «кәуапшы» (шашылық пісіруші) деп ат қойған. Мұны түсіне алмаған Риза анасынан себебін сұрағанда, анасы «балам, тек оқуыңды жақсы оқы, білімді, жақсы бала болсаң, елдің барлығы саған құрметпен қарайтын болады» дейді. Бұл сөз оның жігерін жанып, жан-жақты талаптануына оң әсерін тигізеді» деп жазылған мақалада.

Аталған жазбаның дерегінше, Риза ән айтуға, кітап оқуға ынталы болуымен бірге, мектепте сабағын да үздік оқыған.

Ол 15 жасында модельдік әлемге кездейсоқ қадам басып, танымал «Ruili» сән журналы ұйымдастырған байқауға қатысып жүлдегер атанады.

Осылайша Риза «Ruili» журналының тарихындағы мұқабасына суреті басылған ең жас модель болумен бірге, 3 жыл осы басылымда келісімшартпен жұмыс істейді.

Әйтседе, Риза модель болудан көрі актер болуға ынталы болып, 2002 жылы Бейжің кино академиясының актерлік факультетіне оқуға түседі.


Ол кәсіби білім алып, оқуын аяқтаған соң «Картаңызды ашыңыз» фильміне түсіп, кино индустриясындағы тұңғыш өнер сапарын бастайды.

Осыдан кейін таланытты қандасымыз аудиториясы үлкен Қытайдың кино индустриясына құлаш ұрып, өз қолтаңбасымен көрермен ықыласына бөленген көптеген фильмдерге түседі. Ол комедиялық «Суайттар шайқасы» киносында, патша ордасындағы қырықпышақ болып қырылысып жататын күндес ханымдар туралы «Гаремдегі Чжуан Хуанның өмірі» телехикаясында, бүгінгі қала өміріндегі махаббат тақырыбы арқау болған «Махаббат па, оған мен дайын» телефильмінде және «Махаббат бұйрықтан аса алмайды», «Біз ғана білетін мекен» («Somewhere Only We Know»), «Шындық айтылмайтын аймақ», «Қарлы даладағы әйел патша», «Қуғындау» секілді көптеген фильмде рөлін сәтті сомдап шығады.


Риза 2017 жылы «Қуғындау» филіміндегі рөлі үшін XX Шанхай халықаралық кино фестивалінде «БАҚ-тың назарын жиі аударған актриса» номинациясында марапатталады.

Ал, 2019 жылы «Чаңандағы бір тәулік» атты телефильміндегі рөлі үшін Қытайдың Huading байқауында ең «үздік актриса» атанады.


Сондай-ақ, Ризаның 2020 жылы түскен «Тау-теңіздей махаббат» фильмі 2021 жылдың қаңтар айында көрерменге жол тартып, халықтың жақсы бағасына ие болды.

«Ал, Риза соңғы қуанышты жаңалығын көпшілікпен Weibo желісінде бөлісіп, өзінің ана атанып, қызы дүниеге келгенін жариялады» деп жазады аталған БАҚ.

Тарихи тұлғалардың есімі қанша балаға қойылған - Kaznews

Kaznews ақпарат агенттігі моңғолияда балаға қойылған тарихи тұлғалардың есіміне қысқаша зерттеу жасап көрді.

«Халықтың ардақтысы болған адамдардың атын қою – сол адамдардың есімін ұмыттырмау, ұрпақтың есіне салу сияқты маңызға ие.

Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, Моңғол халқы Темүүжин есімін 7852 балаға, Сүхбаатар есімін 4272, Мандухай есімін 1072 балаға, Бөрте есімін 714 балаға, Шыңғыс есімін 648 балаға берген.

Ал, елдің батыс өлкесін мекен еткен қазақ халқы Жәнібек есімін 419 балаға, Бауыржан есімін 368 балаға, Нұрсұлтан есімін 316 балаға, Мұстафа есімін 307 балаға, Рамазан есімін 224 балаға, Абай есімін 83 балаға, Әлихан есімін 76 балаға, Мұхамед есімін 66 балаға, Шыңғыс есімін 38 балаға берген екен.

Елімізде соңғы жылдары ең көп қойылған ұл баланың есімдері - Ерасыл 419, Нұрәли 414, Әли 335 болса, қыздар арасында - Әмина 2280 (моңғол, қазақ), Аружан 497, Жанерке 496, Айзере 402, Айару 394, Мәдина 390, Кәусар 344 көп кездеседі», - деп жазады KAZNEWS порталы.

Қаңтарда 110 миллион долларлық тері экспортқа шықты - TRT


Түркияның тері және тері өнімдері секторында өткен айда 110 миллион 259 мың долларлық экспорт жасалды, деп хабарлайды Түркия Радио Телевизия порталы .

«Түркия тері кәсіпорнының экспортында 69 миллион 859 мың доллармен Ыстанбұл алғашқы орынға шықты. Бұл - тері және тері өнімдері секторының 63 пайызы. Тері және тері өнімдері секторында ең көп экспорт жасалған ел Германия болды. Германияға өткен ай 10 миллион 330 мың долларлық экспорт жасалды. Ресей 8 миллион 858 мың долларлық экспортпен екінші, Италия 5 миллион 487 мың долларлық экспортпен үшінші орынды иеледі», - деп жазады TRT.

Хиуа қаласында ЮНЕСКО халықаралық мәдени форумы өтеді - ӨзА


ЮНЕСКО-ның қолдауымен Өзбекстанның Хиуа қаласында «Орталық Азия өркениеттер тоғысында» атты халықаралық мәдени форум өтеді, деп жазады Өзбекстанның ӨзА мемлекеттік ақпарат агенттігі.

«ЮНЕСКО бірнеше жылдар бойы Орталық Азияның ортақ тарихы мен мәдени мұрасына назар аударып келеді. Осыған орай ұйымда «Жібек Жолы» жобасы іске қосылып, онда мәдениеттің, гастрономияның және сән өнерінің дамуындағы сауда жолдарының бірегей тоғысуының рөлі туралы, спорт ойындарының таралуы, саяхатшыларға қауіп төндіретін инфекциялар туралы көбірек мәәліметтер білуге мүмкіндік береді. ЮНЕСКО Хиуа қаласында өтетін Халықаралық мәдени форумын «осы аймақтың жалпы мәдениеті мен мұрасын зерттеуге және насихаттауға мүмкіндік береді» деп санайды», - деп жазады «ӨзА» агенттігі.

Қазақстан Сочиде өтетін «Сирия бейбітшілігі» келіссөзіне қатысады - Фарс

Қазақстан СІМ-нің арнайы өкілі Ресейдің шақыруымен Сочиде өтетін «Сирия бейбітшілігі» атты он бесінші халықаралық келіссөзге қатысады, деп жазады «Фарс» ақпарат агенттігі.

«БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі Гейр Педерсен мен Ресейдің Президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лаврентьев Қазақстандағы «Сирия бейбітшілігі» үдерісінің ілгерілеуін оң бағалап, келіссөздің келесі кезеңінің Нұр-Сұлтан қаласында өтетініне үміт білдірді» деп жазады Рarstoday.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бақытжол Кәкеш

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT