Қытайда пневмонияның жаңа түрімен ауырғандар саны 200-ге жуықтады

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Ухань қаласында (ҚХР, Хубэй провинциясы) жексенбі күні коронавирустың жаңа түрі қоздырған пневмонияны жұқтырған адамдар саны 200-ге жуықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі жергілікті денсаулық сақтау органына сілтеме жасап.

Өкпе қабынуынан көз жұмғандар саны өсуде.

«19 қаңтарда жергілікті уақыт 22:00 сағатта (Бейжің уақытымен) Ухань қаласында короновирустың жаңа түрі қоздырған пневмониямен ауырғандар саны 198-ге жеткен. Олардың 25-і ауруханадан шығарылды, үшеуі көз жұмды, 170 адам медициналық мекемелерде ем алып жатыр. 35 адамның жағдайы нашар, 9-ы ауыр хәлде, 126 адамда аурудың жеңіл түрі анықталды», - делінген денсаулық сақтау істері бойынша муниципалдық комитеттің хабарламасында.

Коронавирустың жаңа түрі ең алғаш Бейжің қаласының оңтүстігіндегі Дасин ауданында тіркелген. Екі науқас та жаңа коронавирус түрін Ухань қаласына барғаннан кейін жұқтырған.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда пневмонияның жаңа түрі өршіп бара жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар