Қытайда су тасқыны салдарынан 12 адам мерт болды

None
None
ЧЭНДУ. ҚазАқпарат –Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Мяньнин уезінде болған нөсер жауын салдарынан 12 адам қаза тауып, 10 адам із-түссіз жоғалды. Бұл туралы ҚазАқпарат Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Нөсер жауын салдарынан Ихай қалашығында су тасқыны болды. Жергілікті биліктің мәліметінше, онда 10 адам қаза тауып, тағы жетеуі жоғалып кеткен.

Гаоянда екі адам мерт болып, үш адам із-түссіз жоғалған.

Ихайя мен Гаоянда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 9880-нен астам адам зардап шекті. Табиғат апат салдарынан жолдар шайылып, үйлер мен егістіктер зардап шекті. Барлығы 7705 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Адамдарды құтқару және көмек көрсету бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Соңғы жаңалықтар