Қытайда тек «шетелдік» COVID-19 жағдайлары ғана тіркеліп жатыр

None
None
БЕЙЖІҢ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Қытайдың континенталды бөлігінде COVID-19 жұқтырудың шетелден жұқтырып келген 22 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл туралы сәрсенбі күні ҚХР Денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сырттан әкелінген жаңа жағдайлардың ішінде 8-і Гуанси - Чжуан автономиялық ауданында, 5-еуі Юньнань провинциясында, 2-еуі – Шанхай қаласында және Гуандун провинциясында және Бейжің мен Тяньцзинь қалаларында, Чжэцзян, Фуцзянь және Шаньдун провинцияларында бір-бірден анықталды. Оның ішінде Чжэцзян провинциясындағы COVID-19 диагнозы расталған пациент коронавирусты тасымалдаушылардың симптомсыз санатынан ауыстырылды.

Шанхай қаласында «шетелдік» коронавирус жұқтырды деген күдікпен бір жаңа науқас анықталды. Сол күні Қытайдың континентальды бөлігінде COVID-19-дан көз жұмғандар болған жоқ, деп хабарлады ведомство.


Соңғы жаңалықтар