Қытайда жол опырылып түсті: 10 адам жым-жылас жоғалды, 15-сі жарақаттанған

None
None
СИНИН. Синьхуа-ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Қытайдың солтүстік-батысындағы Цинхай провинциясында жолдың опырылып түсуі салдарынан 10 адам жым-жылас жоғалып, 15 адам жарақаттанды, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Синьхуа.

Оқиға дүйсенбі күні сағат 17:30 шамасында болған. Провинцияның әкімшілік орталығы - Санин қаласындағы Наньдацзе көшесінде жолдың бір бөлігі опырылып түскен. Автобус шұңқырға құлап, жарылған, деп хабарлады жергілікті билік өкілдері.

Наньдацзе көшесі - үздіксіз қозғалыс болып тұратын қаланың негізгі магистралі. Құтқарушылар із-түзсіз жоғалып кеткендерді әлі іздестіріп жатыр.

Қалалық төтенше жағдайларды басқару департаментінің мәліметі бойынша, зардап шеккендер ем қабылдап жатыр және жағдайлары ауыр емес.

фото: russian.news.cn




Соңғы жаңалықтар