Қытайдағы қысқы олимпиада ойындарында 9 спортшыдан үміт күтеміз – Елсияр Қанағатов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық Олимпиада комитеті бас ассамблеясының отырысында спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов Қытайды Бейжің қаласын өтетін 2022 жылғы ХХІV қысқы олимпиада ойындарына дайындық туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аталмыш ойындарға 128-ақ күн қалды. Адын ала мәлімет бойынша 4 мыңнан астам спортшы 95 елден қатысады деп жоспарланған. Жарыс Қытайдың 3 қаласында өтеді. Әлемде орын алған күрделі эпидемиологиялық жағдайға байланысты Ұлттық олимпиада комитеті мен Мәдениет және спорт министрлігі өзара бірлесіп, ел үкіметінің қолдауымен спортшыларды шетелде және елімізде толыққанды оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру жақсы деңгейде қамтамасыз етілді», - деді комитет өкілі.

Оның дерегінше, жыл басынан бері осы олимпиадаға қатысуы мүмкін спортшыларымыз 105 оқу жаттығу жиынын өткізген екен.

Оның ішінде 69-ы шетелде ұйымдастырылған.

Баса айтып өтерлігі, фристайл могулдан өткен әлем чемпионатында Галышева күміс, Калмаков пен Городко қола медаль алды.

«Олимпиада ойындарына жолдама алуы мүмкін 70-тен астам жетекші спортшы белгіленді. Олимпиадада үздік ондыққа кіруі мүмкін 9 спортшы айқындалды. Олармен келісімшарт жасалды. Арасында бір олимпиада жүлдегері, 2 әлем чемипонатының жүлдегері бар, 2017 жылғы Азия ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері бар», - деді Елсияр Қанағатов.


Соңғы жаңалықтар