Қытайдағы зауытта жарылыс болып, 7 адам қаза тапты

None
None
ШИЦЗЯЧЖУАН.Синьхуа – ҚазАқпарат – Қытайдың солтүстігіндегі Хэбей провинциясында көбік полиэтилен зауытында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тауып, тағы біреуі жарақат алды.Бұл туралы жұма күні жергілікті үкімет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті әкімшіліктің мәліметі борйынша, жарылыс бейсенбі күні Уцзи уезінде кешкі сағат 6:00 шамасында болған.

Құтқарушылар бригадасы оқиға орнына дереу келді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары толығымен аяқталды.

ТЖ себептеріне тергеу жүргізілуде.

Фото: Global Look Press/Zhang Guofang/Xinhua
Соңғы жаңалықтар