Қытайдың 2 қаласында коронавирусқа қарсы вакцинациялау басталды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының Иу және Цзясин қалаларында жергілікті халықты вакциналау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың Қытайдағы меншікті тілшісі.

Вакцина еріктілерге салынады. 18-ден 59 жасқа дейінгі тұлғалар вакцинация алуға рұқсат етілген.

Вакцинация жоспары екі сатыдан тұрады. Бір дозаның құны –200 юань (шамамен 30 доллар). Вакцинаны жүргізу аралығы 14-тен 28 күнге дейін.

Вакцинациядан бұрын екпеге жазбаша келісім беріп, жанама әсерлер туындаған жағдайда медициналық сақтандыруды рәсімдеу керек.

Ерікті келісім бойынша жағымсыз реакциялардың үш санаты сипатталған: жиі жағымсыз реакциялар, сирек және өте сирек жанама реакциялар. Жиі жағымсыз реакциялар арасында: қатты қызару және ісіну, сондай-ақ дене қызуының қысқа мерзімде жоғарылауы. Сирек жағымсыз реакциялар: қатты қызару және ісіну, қалтырау. Өте сирек кездесетін жағымсыз реакциялардың ішінде жергілікті асептикалық абсцесс, аллергиялық бөртпе, анафилактикалық шок көрсетілген.


Сақтық шараларының ішінде бұрын COVID-19 жұқтырған адамдар, сондай-ақ нуклеин қышқылы немесе антиденелерге тапсырған талдаулар оң нәтиже көрсеткен адамдар вакцинацияға жіберілмейді. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, сондай-ақ вакцинациядан кейін үш айдан кейін балалы болуды жоспарлаған адамдарға вакцинацияны алу кейінге қалдыру ұсынылады.

Чжэцзян провинциясының екі қаласында да коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізуші – Beijing Kexing Zhongwei Biotechnology Co., Ltd компаниясы, олардың препараты клиникалық зерттеулердің үшінші сатысында.


Соңғы жаңалықтар