Қытайдың оңтүстік-батысында тікұшақ көлге құлады

None
None
ШАНХАЙ. ҚазАқпарат – Дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясындағы Эрхай көліне өрт сөндіргіш тікұшақ құлады. Бортта төрт адам болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Пэнпай» шанхайлық ақпарат ресурсына сілтеме жасап.

Дали қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының ресми хабарламасына қарағандай, тікұшақ таулардағы орман өртін ауыздықтау мақсатында су алмақ болған кезінде көлге құлаған. Жергілікті билік әзірге құрбандар мен зардап шеккендер санын растамай отыр.

Тікұшақ құлаған жерде іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар