Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады
2022 жылғы 18 мамыр 08:30

Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай қалыпқа келе бастады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қытайдың Шанхай қаласында коронавируспен байланысты жағдай маусым айында қалыпқа келеді. Бұл туралы мегаполистің вице-мэрі Цзун Мин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қала билігі біртіндеп карантиндік шараларды алып тастап, қалыпты жағдайға оралады. Шанхайдың бірқатар аудандарында такси мен жеке көлік қызметіне рұқсат етілген.

22 мамырдан бастап қоғамдық көлік жұмысы қайта басталады деп күтілуде. Мегаполис билігі жақын арада супермаркеттер, базарлар, дәріханалар, шаштараздар және басқа да тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары ашылады деп уәде береді. Алайда кинотеатрлар, спортзалдар, мұражайлар сияқты мекемелер әлі жабық күйінде қалады.

Оңтүстік Кореяда өткен тәулікте коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың 35 117 жағдайы анықталды, деп хабарлайды Оңтүстік Корея ауруларды бақылау және алдын алу орталығы.

Орталықтың хабарлауынша, вирус жұқтырған 26 адам республикаға шетелден келген, қалған жағдайлар ел ішінде инфекцияның таралуына байланысты анықталған. Орталық алдыңғы күнмен салыстырғанда аурудың аздаған өсу тенденциясын атап өтеді, бірақ бұл демалыс күндері коронавирус инфекциясын анықтау үшін жүргізілген сынақтар санының азаюымен байланысты. Бұл ретте елде COVID-19 ауруының көрсеткіштері төмен күйде қалып отыр.


Ұқсас жаңалықтар

Jańalyqtar

MURAǴAT