Қытайдың СІМ басшысы Орталық Азияға сапар жасамақ

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – ҚХР СІМ басшысы Ван И 12-16 шілде аралығында Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріне ресми сапар жасамақ. Бұл туралы Қытайдың сыртқы саясат ведомствосының мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлады ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің Сыртқы істер министрлерінің шақыруымен ҚХР-дің СІМ басшысы Ван И аталған үш елге 12-16 шілде аралығында сапар жасайды.

Сапар барысында ҚХР СІМ басшысы Ван И Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесі мен «ШЫҰ-Ауғанстан» байланыс тобының, сонымен қатар «Орталық және Оңтүстік Азия: өңірлік сабақтастық. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясының кезекті отырысына қатысады.

ШЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысы Душанбеде 13-14 шілде аралығында өтеді.

«Орталық және Оңтүстік Азия: өңірлік сабақтастық. Қиындықтар мен мүмкіндіктер» халықаралық конференциясы Ташкентте 15-16 шілде аралығында өтпек.


Авторы Руслан Сүлейменов


Соңғы жаңалықтар