+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

2021 жылғы 26 шілде 23:07
Бөлісіңіз:
Қытайға жойқын дауыл таяп қалды: 1,6 млн-нан астам адам эвакуацияланды

ШАНХАЙ.ҚазАқпарат - Қытай билігі Иньфа тропикалық дауылына байланысты шығыс Чжэцзян провинциясында 1,6 миллионнан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Global Times басылымына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
АҚШ-қа сұрапыл дауыл жақындап қалды, Луизианада төтенше жағдай жарияланды Қытай ұлттық ойындары өтетін Сиань қаласында карантин күшейтілді

Дауылдың жақындауына байланысты ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитеті дүйсенбіде теміржол көлігі мен метрополитен жұмысын тоқтатуға кеңес берді. Сондай-ақ жергілікті билік органдарына төтенше жағдайларды жоюдың бірінші деңгейін енгізу ұсынылды.

Қытайдың Орталық метеорологиялық қызметінің хабарлауынша, дүйсенбіде жергілікті уақыт бойынша 09: 50-де Иньфа дауылы Чжэцзян провинциясының жағалауына жетті. Желдің максималды күші 10 балл. Метеорологтардың айтуынша, жойқын дауыл Қытайдың шығысындағы Шанхай, Чжэцзян, Цзянсу және басқа аудандарға зиян келтіруі мүмкін.

Сарапшылар аймақта жауын-шашын 29 шілдеге дейін жалғасады деп болжап отыр. Теңіз жағалауындағы Чжэцзян мен Шанхайдағы туризм нысандардың жұмысы тоқтатылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT