«Қызыл» статуспен карантин талаптарын бұзған адамдардың аты-жөні БАҚ-қа жарияланады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда «қызыл» және «сары» мәртебесі бола тұрып, карантин талаптарын бұзған адамдарға қатысты шаралар күшейтіледі. Бұл туралы коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ведомствоаралық комиссия Ashyq қосымшасы арқылы тіркелген қоғамдық орындарға баратын «қызыл» және «сары» мәртебесі бар адамдарға қатысты шараларды қатайту туралы шешім қабылдады. Енді «қызыл» мәртебесі бола тұрып карантин режимін бұзғандардың есімдері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады», - делінген мәліметте.

Бұған дейін хабарланғандай, вице-премьер Ералы Тоғжанов мемлекеттік орган өкілдерінің эипдахуал туралы баяндамаларын тыңдап, Мемлекет басшысының 19 шілдеде берген тапсырмаларын қысқа мерзімде тапсырмаларын орындау жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ведомствоаралық отырыста Үкімет басшысының орынбасары мемлекеттік органдардың басшылары мен өңірлердің әкімдіктеріне иммундау бойынша түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамтуды арттыруды нақты тапсырмалар берді.


Соңғы жаңалықтар