Қызылорда қаласында ауыз су жүйелері жаңғыртылуда

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында ауыз су жүйелері жаңғыртылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс орталығында бұл бағытта тиісті жұмыстар қолға алынған. Мәселен, «Арай-Шұғыла» тұрғын ауданында ауыз су мәселесі өзекті мәселе болатын. Қала әкімінің тапсырмасымен тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында су құбырын тарту үшін жоба-сметалық құжаттамалары дайындалды. Нәтижесінде Жібек жолы көшесінен Тәуелсіздік көшесіне дейінгі аралықты қамтитын ауыз су желісінің құрылысы бастау алды.

«Құрылыс жұмыстарын «Механизатор» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Жоба бойынша ұзындығы 7864 метрді құрайтын магистральді құбыр және 175 жеке тұрғын үйге ауыз су құбырын кіргізу қарастырылған. Қазір2 мың 300м магистральді құбыр салынып, 86 жеке тұрғын үйге ауыз су құбыры кіргізілді.

Биылғы жылдың желтоқсан айында шағын аудан тұрғындары толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілмек», - деп мәлім етті Қызылорда қаласы әкімдігінен.

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында мобильді топ 10 мыңға жуық нысанды аралаған.


Соңғы жаңалықтар