Қызылорда қаласындағы «Саяхат» шағын ауданында жаңа мектеп салынады

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Саяхат» шағын ауданында алдағы жылы жаңа мектеп пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жағымды жаңалық қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдауында жария етті. Қала әкімдігі азаматтарды тұрақты түрде онлайн қабылдап келеді. Тұрғындардың

сауалдарының басым бөлігі тұрғын үй, модернизация, жер және өзге де тақырыптарды қамтиды.

Жергілікті тұрғын Мейрамкүл Дәуренова қала әкімінң қабылдауында өзіне берілген жерге бөгде азамат үй салып алғанын жеткізді. Енді осы аумақтан басқа жер телімін заң аясында алсам деген ниетін жеткізді. Бұл сауал бойынша қала басшысы мәселенің бір аптада шешілетінін айтып өтті.

Ол қала басшысының бақылауында болады. Зейнеткер жүздесу барысында «Саяхат» шағын ауданындағы аялдама, мектеп, дүкен жайында да мәселе көтерді.

Бұған байланысты қала әкімі «Қазір «Саяхат» шағын ауданында 280 орындық мемлекеттік балабақша бар. Қазір жеке кәсіпкер есебінен мектеп салынуда. Оның құрылысы келер жылы аяқталады. Ал қоғамдық көлік жүретін көшелер бойына алдағы аптада аялдама орнатылады» - деді.


Онлайн қабылдауға жүгінген «Бәйтерек» шағын ауданының тұрғыны Ләззат Саржанова қосымша жер учаскесін заңдастыру бойынша өтінішін жеткізді. Көрші жер учаскесі газ тарату құрылғысының орналасуына байланысты игерусіз жатыр. Ол қала басшысынан пайдалануға жарамды жерді заңдастырып алуға көмек беруін сұрады. Оған қала әкімі бұл мәселен жақын арада шешілетінін жеткізді.

Ал Раушан Сейілова қала басшысына Өсербаев көшесі №19 үй тұрғындары атынан модернизация мәселесіне қатысты сауалын жолдап, бірқатар ұсынысы барын баяндады. Көпқабатты үй тұрғындарыны ауладан М.Әуезов көшесіне шығатын жолға қойылған шлагбаум жайында айтты.

Қала әкімі қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан ауладан шығатын жолдың уақытша жабылғанын айтып өтті.

Қабылдауға келген өзге де тұрғындардың өтініші мен ұсыныстары мұқият тыңдалды. Әрбір мәселе бойынша тиісті шешімдер қабылданады.

Бұған байланысты құзырлы сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ, Қызылордада 14 шақырым жылу жүйесін қайта жаңғырту

жұмыстары жүргізілді.


Соңғы жаңалықтар