Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметке Қойшыбаев Шахмардан Сұлтанбекұлы келді. Ш. Қойшыбаев 1974 жылы дүниеге келген. Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденінің мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын «ғалым-агроном», «Болашақ» университетін «экономика» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев атындағы шаруа қожалығының жұмысшы ретінде бастаған. 1996-2005 жылдары Ы.Жақаев атындағы колхоздың агрономы, «Шахмардан» шаруа қожалығының төрағасы, Шиелі ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің жетекші маманы болды.

2005-2010 жылдары Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аймақтық даму бөлімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2010-2012 жылдары Қазалы ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болды.

2012 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.


Соңғы жаңалықтар